СКАНЕРЛЕЙТІН ЭЛЕКТРОНДЫ МИКРОСКОПИЯ (СЭМ) ӘДІСІМЕНЖҮН ТАЛШЫҚТАРЫНЫҢ ӘР ТҮРЛІ ТҮРЛЕРІ МЕН КҮЙІНІҢМИКРОҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/GMSL4181Тірек сөздер:
микроқұрылым, сканерлейтін электронды микроскопия, жұқа жүн, дөрекі жүн, талшық морфологиясыАңдатпа
Бұл зерттеуде жүн талшықтарының әртүрлі түрлерінің (дөрекі, жартылай дөрекі, жұқа) және әртүрлі күйдегі (жуылған, жуылмаған, боялған) микроқұрылымы сканерлейтін электронды микроскопия (СЭМ) әдісімен зерттелді. Алынған кескіндердің негізінде талшықтардың морфологиялық ерекшеліктері: қабыршақ құрылымы, кеуектілік, микрожарықтар мен басқа да ақаулар бойынша салыстырмалы талдау жүргізілді. Жүн түрі мен өңдеу әдісінің талшықтың беткі жағдайына және физикалық-механикалық қасиеттеріне айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Зерттеу нәтижесінде меринос сияқты жұқа жүн талшықтарының бояу кезінде зақымдануға аса бейім болатыны дәлелденді. ГОСТ Р ИСО 17751-2016 стандартына негізделген сандық талдау әдістері арқылы талшықтың құрамы мен құрылымын нақты анықтауға болады. Алынған мәліметтер жүн өңдеу технологиясын оңтайландыруға және тоқыма өнімдерінің сапасын арттыруға септігін тигізеді.