ЛИТИЙ-ИОНДЫ АККУМУЛЯТОРЛАР СЕПАРАТОРЛАРЫ: ҒЫЛЫМИ ШОЛУ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ БАҒЫТТАР

ЛИТИЙ-ИОНДЫ АККУМУЛЯТОРЛАР СЕПАРАТОРЛАРЫ: ҒЫЛЫМИ ШОЛУ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ БАҒЫТТАР

Авторлар

  • Г.А. Сулейменова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Е.Ж. Усипбекова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А. Даулетбай Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан
  • А.Т. Қонаров Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан
  • Г.А. Сейлханова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/KNWC2804

Тірек сөздер:

литий-иондық аккумулятор, сепаратор, талаптар, электрохимия, электрохимиялық көрсеткіштер, композитті материалдар

Аңдатпа

Литий ионды батареялардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын сепаратордың маңызды рөлі – батареялардың қауіпсіздігі мен электрохимиялық қасиеттерін қамтамасыз ету. Өйткені, сепаратор катод пен анод арасындағы қысқа тұйықталудың алдын алып, иондардың ағынын қамтамассыз ететін жұқа, кеуекті мамбрана. Батарея жұмысы кезінде электрохимиялық реакцияларға қатыспаса да батареялардың қауіпсіздігі мен электрохимиялық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Осы себепті сепараторға қойылатын талаптар өте жоғары және оны қанағаттандыру өзекті. Соңғы онжылдықта әлем ғалымдары сепараторды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударғанымен, оның даму тарихы 1970 жылдардан басталады. Бұл әдеби шолуда әлемдік ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, сепаратор дайындаудың ғылыми кезеңдері, оның даму тарихы, негізі талаптары мен көрсеткіштері және сепаратордың негізгі түрлері талданады. Осы шолу мақалада сондай-ақ нақты сандық талдаулар жүргізіліп, көпфункционалды сепараторлар әзірлеу үшін маңызды көрсеткіштер мен өлшемдер қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...