КЕРАМИКАЛЫҚ КІРПІШ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА АЛЮМИНИЙ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/ZCOX8420Тірек сөздер:
алюминий қалдықтары, керамикалық кірпіш, спектрлік талдау, энергетикалық дисперсиялық рентгендік талдау (EDS), физикалық және механикалық қасиеттерАңдатпа
Бұл жұмыс алюминий қалдықтарының керамикалық кірпіштердің қасиеттеріне әсерін, олардың материалдардың физикалық-механикалық сипаттамаларын жақсартуға арналған қоспалар ретіндегі мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты – алынған үлгілердің беріктік сипаттамалары мен микроқұрылымындағы өзгерістерді бағалау. Осы мақсатта сығымдауға төзімділік сынақтары, сондай-ақ сканерлеуші электрондық микроскопия (SEM) көмегімен микроқұрылымдық талдау жүргізілді. Спектрлік талдауды қолдану арқылы кірпіштің беткі қабатында және құрылымында химиялық элементтердің таралуы анықталды. Суыққа төзімділік сынақтары жүргізілді. Нәтижелер алюминий қалдықтарын енгізу кірпіштің беріктігіне, тығыздығына және кеуектілігіне әсер ететінін көрсетті. Алынған мәліметтер керамикалық құрылыс материалдары өндірісінің экологиялық тазалығы мен экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында дәстүрлі шикізатты алюминий қалдықтарымен ішінара ауыстыру мүмкіндігін растайды.

