БЫЛҒАРЫ МЕН АЯҚ КИІМ АСТАРЫНА ӨҢДЕЛГЕН МИКРОБӨЛШЕКТЕРДІҢ ЖҮКТЕУ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ IN VITRO БОСАТУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/FVMJ3854Тірек сөздер:
аяқ киім, былғары, астар, микробөлшектер, in vitroАңдатпа
Берілген мақалада лавр майының аяқ киім астарларында жүктеу тиімділігін және былғарыға жағылған лавр майы микробөлшектерінің in vitro босатуы зерттелінді. Аяқ киім астар материалдарына жағылған 5 түрлі ерітінділердің жүктеу тиімділігі айқындалды. Жуылмаған астар материалдары мен 3 рет қайталанып жуылған материалдарда жүктеу тиімділігінің нәтижелері алынды. Лавр майы бар микробөлшектерімен сіңдірілген былғарыдан 24 сағаттық кезең ішінде лавр майының бөлінуі, яғни in vitro босатуының нәтижелері анықталды. Микробөлшектердің фосфатты буферленген тұзды ерітіндімен (PBS) байланысы қарастырылды. Нәтижесінде Solution-3 ерітіндісі бар астарда лавр майының жүктеу тиімділігі жоғары болғаны және терең батыру әдісімен жағылған май (DC-O) үлгілерінен жоғары in vitro босатуы көрсеткені дәлелденді.