БҰЙЫМДАРДЫҢ ПІШІНІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/EZEM2372Тірек сөздер:
фактура, жеңіл өнеркәсіп, сырт киім, жилет, сәнАңдатпа
Бұл мақалада жеңіл өнеркәсіпте қолданатын фактура түрлеріне талдау жасалынды және қазіргі заманға сай сәндік ерекшеліктерді зерттеу жолдары қарастырылды. Заман ағымына сай тұтынушылардың сұранысына сай келетін бұйымдар жасау үшін әртүрлі фактураларды жасау тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып, материалдар мен технологиялық өңдеуге, композициялық және түстік шешімдерге қатысты киімнің көркемдік-конструкторлық шешімдерін жобалау арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұйым үшін таңдалынған маталардың физика механикалық қасиеттерін ескере отырып, зерттеу эксперименттің жұмыстарын жасау арқылы қай матаны таңдалғаны зерттелінді. CorelDraw бағдарламасымен бұйымның эскизі де лекаласыда дайындалып, математикалық масштабта, сублимация әдісімен принт жасалынып, қазақ ою-өрнекпен безендірілді. Сублимация әдісін қолданумен CorelDraw бағдарламасында орындалған бұйымның эскизі Алматы қаласында орналасқан «SmartPrint» орталығында Mimaki құрылғысында орындалды.