АЛЛИЛ СПИРТІ МЕН АКРИЛ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ АЛЫНҒАН ПОЛИЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ БЕНТОНИТ ГИДРОДИСПЕРСИЯСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

АЛЛИЛ СПИРТІ МЕН АКРИЛ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ АЛЫНҒАН ПОЛИЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ БЕНТОНИТ ГИДРОДИСПЕРСИЯСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

  • Р.М. Кудайбергенова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • Е.А. Байбазарова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • А.Т. Исмайл М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • Е.Т. Боташев М. Әуезова атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • К.Б. Булекбаева Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті, Тараз қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/EFNR4338

Тірек сөздер:

аллил спирті, нитрилді акрил қышқылы, акриламид, сополимерлену, тұтқырлық

Аңдатпа

Суда еритін полимерлердің полиэлектролиттік түрлерін өмірдің әртүрлі салаларында қолданудың артуына байланысты ғылыми-тәжірибелік жұмыстар біздің заманымыздың өзекті мәселелерінің біріне айналды. Осыған байланысты полиэлектролиттердің қасиеттерін реттеу қажеттілігі артып келеді. Полиэлектролиттердің қасиеттері оның функционалдық топтарының сипатына, иондану қабілетіне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан, осы негізгі мәселелерді ғылыми-практикалық тұрғыдан шешу, яғни полиэлектролиттердің қасиеттерін мақсатты бағытта реттеу полимераналогиялық реакция арқылы бірқатар функционалдық топтарды түрлендіру арқылы жүзеге асырылады. Функционалдық топтарда әртүрлі мольдік қатынаста ерекшеленетін байланыстырушы-мономерлердің сополимерленуі жүзеге асырылды. Осы себепті сыртқы ортаның иондық беріктігінің, рн-ның және дисперсиялық жүйелермен әрекеттесу үрдісінің әсеріне тұрақты күшті ионданбайтын гидрофильді функционалдық тобы бар аллил спирті (АА) сополимерленген. Химиялық реакцияға, нитрилакрил қышқылына (NA) немесе акриламидке (АА) әртүрлі мольдік қатынаста түсу қабілеті жоғары сулы ортада оңтайлы түрде анықталады. Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, сопополимерлену өнімдерінің шығымдылығы мен кейбір химиялық қасиеттері реакция үшін алынған буын –мономерлердің мольдік қатынасына байланысты өзгереді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...