ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРЫН БОЯУҒА ЖӘНЕ БАСЫП ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ФЛОРАСЫНАН АЛЫНҒАН ӨСІМДІК СЫҒЫНДЫЛАРЫНА ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/AITD1583Тірек сөздер:
тоқыма, табиғи бояғыштар, функционалдық қасиеттері, биологиялық ыдырауы, отандық флора, синтетикалық бояғыштарАңдатпа
Тоқыма бұйымдарын өндіру және әрлеу процесінде табиғи өсімдік сығындыларын пайдалану экологиялық тұрақтылық, инновация және сапа принциптерін біріктіретін перспективалы бағыт болып табылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, өсімдік сығындылары тоқыма өнеркәсібінде бояу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар тоқыма материалдарына бірегей қасиеттер мен дизайн беру құралы ретінде де қолдану мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар тоқыма өндірісінің экологиялық сипаттамаларын жақсартуға, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға және тұтынушылардың көз алдында түпкілікті өнімнің құндылығын арттыруға ықпал етеді. Қазіргі уақытта текстиль материалдарын бояудың және басып шығарудың экологиялық таза және тұрақты әдістеріне көңіл бөлініп жатыр. Қазақстан Республикасында да табиғи ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану басым міндет болып табылатын болғандықтан текстильді бояу және басып шығару үшін өсімдік сығындыларынан алынған бояғыштарға қызығушылық өзекті мәселеге айналды. Бұл жұмыс Қазақстанның флорасының негізгі түрлерін, олардың сипаттамаларын, ықтимал артықшылықтары мен шектеулерін талдауға және тоқыма өнеркәсібінде өсімдік сығындыларын қолдану мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуге, әлеуетін зерттеуге бағытталған.