КҮМІС НАНОБӨЛШЕКТЕРІНІҢ БАКТЕРИЦИДТІК ӘСЕРІ ЖӘНЕ ТОҚЫМА ӨНДІРІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.55956/SCSK2485Тірек сөздер:
жасуша, микроағза, патогендік, биоцидтік қасиет, дезинфекциялықАңдатпа
Күміс нанобөлшектер бетінің көлемге жоғары қатынасына байланысты ерекше қасиеттері олардың әсерінің жоғары тиімділігін анықтайды. Микроағзалардың жасушалық қабығымен сіңірілген күміс иондары оның кейбір функцияларын бұзады, бірақ жасушалардың тіршілік қабілеттілігі сақталады. Күміс иондарының микроағза жасушаларына ықпал ету механизмі келесідей: күміс иондары микроағза жасушасының қабықшасына сіңіп, оның салдарынан жасушасы тіршілік әрекетін жалғастырады, бірақ бактериостатикалық әсер ету сияқты кейбір функциялары бұзылады. Жүргізілген зерттеулер әр түрлі патогендік және патогендік емес ағзалардың күміс иондарына қарсы сезгіштігі біркелкі еместігін көрсетеді. күмістің нанобөлшектерімен модификацияланған тоқыма материалдарынан жасалған бұйымдарды пайдалану адам денесінің терморегуляциясының түрлі әсерлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, ағзаның оттегі-тасымалдау жүйесі жұмысының тиімділігін арттырады, су-май балансын сақтайды, иммундық жүйенің жұмысын, зат алмасу және жасушалардың регенерациясын жақсартады. Күмістің нанобөлшектерімен модификацияланған тоқыма материалдары жұқпалы аурулардың таралу қаупі жоғары жерлерде: қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы үй-жайларында, балалар, спорттық және медициналық мекемелерде профилактикалық микробқа қарсы қорғаныс құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін.