ҚАСИЕТТЕРІ ЖАҚСАРТЫЛҒАН ТАБИҒИ БОЯҒЫШТАР ҚОЛДАНЫЛҒАН ТЕКСТИЛЬ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

ҚАСИЕТТЕРІ ЖАҚСАРТЫЛҒАН ТАБИҒИ БОЯҒЫШТАР ҚОЛДАНЫЛҒАН ТЕКСТИЛЬ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • C.Ш. Сабырханова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • Б. Абзалбекұлы М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • Г.К. Елдияр М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/OMBS3603

Тірек сөздер:

тоқыма мата, табиғи бояғыштар, функционалды топтар, ИК-спектроскопия

Аңдатпа

Ғылыми зерттеу жұмыста аяқ киім материалдарының физикохимиялық қасиеттерін жақсарту мақсатында бейтарап тұздармен бірге табиғи бояғыштармен әрленген маталардың ИК-спектроскопия нәтижелері және микроорганизмдерге қарсы тұратын қасиеттерге ие болатын табиғи бояғыш сығындыларынан алынған бояудың функционалды топтарына салыстырмалы сараптама жасалды.  Қазіргі уақытта тоқыма материалдары үшін табиғи бояғыштарды зерттеу мен бояғыш өнім алу өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл мақалада әртүрлі табиғат көзінен алынатын бояуларды тоқыма өнеркәсібінде пайдалану арқылы микроорганизмдерге қарсы тұра алатын қасиет беру, сонымен қатар боялған тоқыма материалдардың ИК спектрлерінің нәтижелері талқыланды. Табиғи бояғыштарды пайдалану тоқыма өндірісіндегі әрлеу үдерісіндегі экологиялық тиімділігін арттырып, тоқыма материалдардың гигиеналық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Дайындалған әр түрлі бояғыштармен және қасиеттерін жақсартқыш қоспалармен боялған тоқыма материалдарын ИК-спектрлік зерттеулері жасалды. Бояғыштардың химиялық қасиеттері мен боялу сапасын жақсарту үшін әртүрлі түрлендіргіш компоненттер пайдаланылды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...