КЕҢЕЙГЕН СУБСТАНЦИЯЛАР ҚАБАТЫМЕН АДСОРБЦИЯЛЫҚ АППАРАТТАРДЫ ЕСЕПТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/XWHV9151Тірек сөздер:
адсорбция, адсорбциялық қабат, адсорбция толқыны, фракталдық өлшем, ион алмастырғыш шайырлардың көпкомпонентті жүйелері, стевия, кеуектілікАңдатпа
Жұмыс стевия сығындысынан стевиозидті алу кезінде ион алмастырғыш шайырлары бар адсорбциялық аппаратта гидродинамика мен масса алмасуды зерттеу жобасының бөлігі болып табылады. Жеке заттарға қатысты селективтілікті арттыру, ассортиментті кеңейту, өндіру технологиясын жеңілдету және өнеркәсіптік адсорбенттерді өндірудің өзіндік құнын төмендету кезінде құрылымдық және сорбциялық сипаттамаларын жақсарту мәселелері өте өзекті. Жұмыс кеңейтілген ион алмастырғыш шайырлар қабатындағы адсорбцияны математикалық модельдеуге және теориялық сипаттауға арналған. Кеуекті материал қабатындағы адсорбцияның негізгі аспектілері қарастырылып, адсорбциялық қабат құрылымының моделі жасалған. Жұмыстың қосқан үлесі және оның ғылыми жаңалығы бәсекелестік адсорбцияны және кеуекті материалдың беткі адсорбциясы мен дисперсті фаза арасындағы масса алмасудың тепе-теңдік сипатын ескере отырып, екі компонентті дисперсті фаза эволюциясының математикалық моделі әзірленіп, сапалы талданғандығында. Нәтижелер мен қорытындыларды жылу және масса алмасу процестерін интенсификациялау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу кезінде, сондай-ақ адсорбциялық химиялық аппараттар мен адсорбциялық колонналарды жобалау кезінде пайдалану ұсынылады.