САЗДАР НЕГІЗІНДЕ ИОНДЫҚ ӨТКІЗГІШТІГІ ЖОҒАРЫ ПОЛИМЕРЛІ ЭЛЕКТРОЛИТТЕР ЖАСАУ

САЗДАР НЕГІЗІНДЕ ИОНДЫҚ ӨТКІЗГІШТІГІ ЖОҒАРЫ ПОЛИМЕРЛІ ЭЛЕКТРОЛИТТЕР ЖАСАУ

Авторлар

  • Е.Ж. Усипбекова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Г.А. Сулейменова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • Г.А. Сейлханова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/QBVJ3910

Тірек сөздер:

мембрана-сеператор, толтырғыштар, иондық тасымалдау, иондық өткізгіштік, батарея, химиялық тоқ көзі

Аңдатпа

Қазіргі уақытта литий ионды батареялар үшін қатты электролиттердің дәстүрлі сұйық электролиттермен салыстырғанда кеңірек қолданысқа ие. Осыған байланысты иондық өткізгіштігі жоғары, қауіпсіз және механикалық төзімді мембраналар алу мақсатында ПВДФ, ДМФА, литий тұздары және әр түрлі толтырғыштар (каолин, бентонит) негізінде композициялық мембранасеператорлар алынды. Алынған мембрана-сеператорлардың келесі құрамы жақсы көрсеткішке ие болды: ПВДФ-LiF-каолин және ПВДФ-Li3PO4 – каолин, иондық өткізгіштері σ = 9 · 10-3 Ом-1 см-1 және σ = 11,3 · 10-3 Ом-1 см-1. Сканерлеуші электрондық микроскоп арқылы КПЭ-нің беттік морфологиясы зерттелді. Жоғары иондық көрсеткішке ие болған КПЭ-нің термофизикалық қасиеттері зерттеліп, термогравиметриялық қисықтар алынды. Зерттеу нәтижесінде алынған композиттік мембраналардың химиялық тоқ көзі үшін қолдануға болатындығы анықталды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...