ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАНУ ҚАБІЛЕТІН СУДА ЕРИТІН ПОЛИМЕРДІҢ ҚАТЫСЫНДА ЗЕРТТЕУ

ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАНУ ҚАБІЛЕТІН СУДА ЕРИТІН ПОЛИМЕРДІҢ ҚАТЫСЫНДА ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • А.Н. Шералы М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • М.С. Қалмаханова М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • D.D. Snow Небраска Университеті, Линкольн, АҚШ
  • Р.Б. Жарлыкапова М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/BKNW5669

Тірек сөздер:

топырақ, құнарлылық, суда еритін полимер, құрылымдану, қасиет, полиакриламид, тәжірибе, функционал топ, концентрация

Аңдатпа

Ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды салаларының бірі болып саналады. Сондықтан ауыл шаруашылығын әртүрлі тәсілдермен дамыту қажет. Осы орайда ауыл шаруашылығында қолданылатын топырақтың жоғары құнарлылығы үлкен рөл атқарады. Топырақтың құнарлылығы оның орналасқан аймағына, құрылымы мен құрамына, қасиеттеріне, түріне байланысты.  Қазіргі уақытта топырақтың құнарлылығын арттыру әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, топырақтың құрылымын жасанды жақсартуды іске асыру кезінде химиялық түрлендірілген табиғи, жасанды және синтетикалық қосылыстарды – суда еритін полимерлерді тиімді пайдалана білу қажет. Сондықтан суда еритін полимерлердің, әсіресе топырақтың құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын полимерлердің қасиеттерін реттеу ғылыми маңызды тәжірибелік бағыт болып табылады. 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...