ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ МАТЕРИАЛДАР МЕН КОНСТРУКЦИЯЛАР
DOI:
https://doi.org/10.55956/SMPY2332Тірек сөздер:
энергия тиімділігі, тұрғын үй құрылысы, заманауи құрылыс материалдары, темірбетон конструкцияларыАңдатпа
Мақалада қазіргі заманғы дамуды ескере отырып, құрылыстың климаттық аймағына қарамастан, жаппай тұрғын үй құрылысында әмбебап энергия тиімді инженерлік және технологиялық шешімдерді қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Мақалада қазіргі заманғы тұрғын үй құрылысында қолданылатын құрылыс технологияларының жетілдірілуі қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар энергияны үнемдейтін материалдар мен конструкцияларға шолу жасалады. Зерттеудің мақсаты инновациялық технологиялар мен материалдарды пайдалана отырып, тұрғын үй құрылысына энергия тиімді шешімдерді енгізуге ұмтылыс. Теориялық материалдардан басқа, әртүрлі инженерлік-техникалық шешімдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін нақты көрсететін практикалық есептеулер ұсынылады.