ТАСПАЛЫ АРАЛАС ҚАДАЛЫ ІРГЕТАС ОРНАТУ КЕЗІНДЕ ШТАМП ПЕН ҰЗЫНДЫҚТАРЫ ӘРТҮРЛІ ҚАДАЛАРДЫ ҚАҒУДЫҢ ЭНЕРГИЯ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ (МОДЕЛЬДІК ЗЕРТТЕУЛЕР)
DOI:
https://doi.org/10.55956/ZBJU3224Тірек сөздер:
аралас іргетас, топырақ, штамп, қада, траншея, қазаншұңқыр, қағу, штамптау, энергия, соққы, энергия сыйымдылығыАңдатпа
Таспалы аралас қадалар іргетасын (бұдан әрі – ТАҚІ) орнату кезінде қадалар мен штамптарды қағудың энергия сыйымдылығын бағалау бойынша зертханалық эксперименттердің нәтижелері баяндалды. Зерттеулер қадалар мен таспалы штамп модельдерін қолдана отырып орындалды. Таспалы штампта саңылаулардың болуы себебінен топырақта траншеяны штамптау үрдісінің жеңілдейтіні және саңылау қуысына сазды топырақтың ығысып шығатыны анықталды. Бірдей энергия шығындарымен сипатталатын қағу кезінде ұзын қадалар аз тереңдікке батыратылатыны анықталды. Батырылған қаданы штамп саңылаулары арқылы қағу қаданы штампсыз қағуға қарағанда энергия шығынын көп қажет ететіндігі анықталды. Бұл әсер ұзындығы қысқа қадаларды батыру кезінде айтарлықтай байқалады. Қағылған қаданың үстінен саңылауы бар штамптарды қағу үрдісі қадасы жоқ штамптарды қағумен салыстырғанда энергия шығыны көп болатыны анықталды. Қаданың ұзындығы артқан сайын, бұл әсер де артатыны көрінеді. ТАҚІ орнату кезінде штамп пен қадаларды қағу үшін қажет энергия шығынын салыстырмалы түрде болжам жасау үшін пайдалануға ұсынылатын корреляциялық тәуелділіктер алынды. ТАҚІ орнатудың энергия сыйымдылығы бойынша ең тиімді тәсілі қада қағылғаннан кейін штамп қағу екені дәлелденді.