СУДЫҢ ҚАТТЫ ЗАТҚА ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖЭС ҰШҚЫН КҮЛІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ӨНДІРІЛЕТІН АВТОКЛАВТЫ ҰЯЛЫ БЕТОН ҚАСИЕТІНЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/QHFC1264Тірек сөздер:
ұялы бетон, ұшқын-күл, кремнийтопырақты компонент, судың қатты затқа қатынасы, газкүлбетон, автоклавта қатаю, кеуектердің құрылымыАңдатпа
Мақалада ұялы бетон өндірісінде пайдаланылған Екібастұз көмір бассейнінің ұшқын күлін зерттеу нәтижелері қарастырылады. Зерттеулер көрсеткендей, күлдің құрамы химиялық элементтердің әртүрлілігінің арқасында өте күрделі және оны құмның орнына кремний топырақты компоненті ретінде қолдану судың қатты затқа қатынасына жағымды әсер етеді. Ұялы бетонның кеуек құрылымын зерттеу судың қатты затқа қатынасының жоғарылауы кеуекті құрылымның сипатының күрт өзгеруіне әкелетінін көрсетті, яғни судың қатты затқа қатынасы неғұрлым жоғары болса, оның кеуекті құрылымының сапасы соғұрлым жоғары болады. Дегенмен, судың қатты затқа қатынасының шамадан тыс жоғарылауы ерітіндінің қатпарлануына алып келеді. Ұшқын күлді қолдана отырып, судың қатты затқа қатынасының оңтайлы мәнін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілді. Ұялы бетонның кеуекті құрылымының оның қасиеттеріне әсерін анықтау бойынша зерттеу нәтижелері судың қатты затқа қатынасының өсуімен кеуектіліктің ауытқу көрсеткіші қалай төмендейтінін анық көрсетті, ал кеуектіліктің ауытқуы неғұрлым аз болса, ұялы бетонның үлкен кеуектерінің сипаттамасы соғұрлым жақсы болады, сәйкесінше газ күлбетонның беріктігі жоғары болады.