ГИБРИДТІ МЫРЫШ-ИОНДЫ АККУМУЛЯТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГИДРОГЕЛЬ ЭЛЕКТРОЛИТТЕР

ГИБРИДТІ МЫРЫШ-ИОНДЫ АККУМУЛЯТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГИДРОГЕЛЬ ЭЛЕКТРОЛИТТЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55956/PXTX1347

Тірек сөздер:

гидрогель, мырыш-ионды аккумулятор, иондық өткізгіштік, электрохимиялық тұрақтылық, энергия сақтау жүйелері, аккумулятор қауіпсіздігі

Аңдатпа

Электр көліктері мен жаңартылатын энергия көздеріне сұраныстың артуы литий-ионды батареяларға деген қажеттілікті күшейтті. Алайда, өндірістің жоғары құны мен қауіпсіздік мәселелері баламалы энергия сақтау жүйелерін зерттеуді талап етеді. Бұл зерттеу шеңберінде гибридті сулы мырыш-ионды аккумуляторларға арналған гидрогель электролиттерінің синтезі мен қасиеттері қарастырылды. Гидрогельдер электролит және сепаратор ретінде қолданылып, олардың құрылымдық тұрақтылығы мен иондық өткізгіштігі зерттелді. Полимерлі айқаса байланыстардың әсері мен сутектік байланыстарының реттелуі арқылы гидрогельдердің электрохимиялық тұрақтылығы 2 В-қа дейін арттырылды. Сынақ нәтижелері гидрогельдердің төмен температуралық ортада да тиімді жұмыс істейтінін көрсетті. Бұл зерттеу гидрогель электролиттерін жетілдіру арқылы қауіпсіз әрі тиімді аккумуляторлар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...