МЕЛАССА КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ БИОСУТЕГІ СИНТЕЗІ МЕНБАКТЕРИЯЛЫҚ МАССАНЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/JSAT6934Тірек сөздер:
меласса, биосутегі, ферментация , бактериялық масса, субстрат концентрациясыАңдатпа
Бұл мақалада мелассаның әртүрлі концентрациясының биосутегі синтезіне және бактериялық массаның өсуіне әсері қарастырылған. Зерттеудің негізгі мақсаты – биосутегінің ең жоғары шығуын қамтамасыз ететін мелассаның оңтайлы концентрациясын анықтау болды. Эксперимент барысында алынған нәтижелерге статистикалық талдау жүргізілді. Талдау көрсеткендей, бактериялық массаның өсуі мелассаның концентрациясына да байланысты, 4% меласса концентрациясында сутегінің ең белсенді бөлінуі байқалды, ал концентрацияны 10%-ға дейін арттыру бұл процесті тежейді. Биосутегі мен биомассаның оңтайлы балансы процестің жүру шарттарына тәуелді. Нәтижелер субстрат концентрациясын дұрыс таңдаудың биосутегі өндірісінің биотехнологиялық процестерінің тиімділігін айтарлықтай арттыра алатынын көрсетеді. Алынған формулалар әртүрлі меласса концентрациясында сутегінің шығуын болжауға мүмкіндік береді, бұл процесті оңтайландыруда пайдалы болуы мүмкін.