АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ МАҚСАТЫНДА МЕТАКАОЛИН НЕГІЗІНДЕГІ ГЕОПОЛИМЕРЛЕРДІ ҚОЛДАНУ

АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ МАҚСАТЫНДА МЕТАКАОЛИН НЕГІЗІНДЕГІ ГЕОПОЛИМЕРЛЕРДІ ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • С.Ш. Төлеутаева М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • М.С. Қалмаханова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан
  • Ұ.Ғ. Қанатбек М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/PGXO6981

Тірек сөздер:

ағынды сулар, суды тазарту, метакаолин, геополимерлер, ауыр металдар, адсорбция, ИҚ спектроскопиясы

Аңдатпа

Мақалада метакаолин, цемент, Көкшетау сазы және геополимерлер негізіндегі материалдарды қолданып, кадмий мен қорғасын иондарын тазарту және жою әдістері қарастырылған. Адсорбциялық қасиеттер модельдік ерітіндіні кадмий және қорғасын тұздарын пайдалана отырып дайындау барысында зерттелді. Тазарту үдерісінің тиімділігі инфрақызыл (IR) спектроскопиясы және атомдық эмиссиялық спектроскопия әдістері арқылы бағаланды. Зерттеу нәтижелері геополимерлердің ауыр металдармен ластанған ағын суларды тазартуда тиімді және экологиялық таза балама екенін көрсетті. Бұл нәтижелер геополимерлердің қоршаған ортаны ластауды азайтып, денсаулыққа тигізетін қауіпті төмендету арқылы, инновациялық және тұрақты шешім ретінде әлеуетін айқындайды. Жұмыс нәтижелері геополимерлерді ауыр металдармен ластанған ағын суларды тазартудың экологиялық тиімді және балама әдісі ретінде қолдануға болатындығын көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...