ӨНДІРІСТІК ОРТАДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТАУ-КЕН САЛАСЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

ӨНДІРІСТІК ОРТАДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТАУ-КЕН САЛАСЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Л.М. Актаева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ШМҚ РМК, Астана, Қазақстан
  • А.Б. Бекмагамбетов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ШМҚ РМК, Астана, Қазақстан
  • А.М. Рахметова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ШМҚ РМК, Астана, Қазақстан
  • Г.К. Алшынбекова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ШМҚ РМК, Астана, Қазақстан
  • Э.А. Кульмагамбетова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ШМҚ РМК, Астана, Қазақстан
  • Н.Т. Сагиндикова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ШМҚ РМК, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/BFTU1064

Тірек сөздер:

тау-кен өнеркәсібі, технологиялық процесс, еңбек жағдайлары, химиялық фактор, бейорганикалық силикат шаңы, темір оксиді, көміртегі оксиді

Аңдатпа

Мақалада тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық, химиялық ортасын және оның жұмыскерлерге әсерін талдау ұсынылған. Зерттеудің мақсаты өндірістік ортадағы химиялық факторлардың тау-кен саласының жұмыскерлеріне әсерін бағалау, олардың жұмыс аймағындағы ауаның ластану деңгейін талдау және кәсіби тәуекелдерді тудыратын жағдайларды анықтау болды. Өндірістік технологиялық процестер белгілі шаң түзілуімен және кейбір жағдайларда концентрациясы рұқсат етілген шекті шамалардан асатын улы химиялық заттардың бөлінуімен қатар жүретіні анықталды. Барлық кәсіпорындарда зиянды факторлардың құрылымында бейорганикалық силикат шаңы, дизельді аэрозольдер, сондай-ақ металл, көміртек және марганец тотықтары басым болды. Пилоттық кәсіпорындарында химиялық факторлардың рұқсат етілген шекті шамалардан жүйелі түрде асып кетуі анықталды, бұл еңбек жағдайларын зиянды деп жіктеуге әкеледі. Жетекші қауіп факторы басқа өнеркәсіптік ластаушы заттармен біріктірілген силикат шаңының әсері болып табылады. Ол негізгі өндірістік ортадағы жұмыскерлерге ең көп әсер ететіндігі, ал инженерлік-техникалық персонал арасында қолайсыз жағдайлардың туындайтындығы анықталды, бұл желдету мен аймақтарға бөлудің тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Алынған деректер өндірістік ортаның теріс әсерін азайту мақсатында кәсіби тәуекелдерді басқаруды енгізу қажеттілігін растайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Экологиялық технологиялар
Loading...