ПОЛИКОМПОНЕНТТІ ТОПЫРАҚ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН АНЫҚТАУ
DOI:
https://doi.org/10.55956/IJOM2855Тірек сөздер:
бөгет, топырақ қоспасы, поликомпонентті қоспа, көтергіш компонент, байланыстырғыш компонент, арматуралаушы компонент, масса, тығыздық, ылғалдықАңдатпа
Топырақ құрылымдарында, оның ішінде үйінді топырақ бөгеттерін тұрғызу кезінде табиғи және жасанды топырақ қоспалары кеңінен қолданылады. Дәстүрлі түрде негізгі құраушы компоненті топырақ болып табылатын екі компонентті қоспалар пайдаланылады. Бұл ретте топыраққа қоспа ретінде басқа түрдегі және құрамдағы топырақтармен қатар, әртүрлі қасиеттерге ие топырақ емес материалдар да қолданылады. Екі компонентті қоспалардың құрамы, тығыздалғыштығы, деформацияланғыштығы, сығылғыштығы және беріктікке қарсыласуы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне қысқаша талдау берілген. Топытақ қоспасына топырақ немесе топырақ емес материалдарды қосақан кезде оның қасиеттеріне ықпал ететіні анықталды. Көтергіш, байланыстырғыш және арматуралаушы қызмет атқаратын үш компоненттен тұратын қоспалар ұсынылған. Поликомпонентті қоспаның массасын және оны топырақ құрылыстары құрамында қабаттап тығыздау кезінде құрғақ күйдегі массасын анықтауға арналған формулалар ұсынылды. Бұл формулалар массаның сақталу принципіне және топырақ механикасының олардың физикалық қасиеттерінің көрсеткіштеріне қатысты бірқатар негізгі заңдылықтарын ескерек отырып алынған.

