ХРИЗОТИЛ-АСБЕСТ ӨНДІРІСІНІҢ СЕРПЕНТИНИТТІ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН МАГНИЙ ОКСИДІН АЛУҮРДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ

ХРИЗОТИЛ-АСБЕСТ ӨНДІРІСІНІҢ СЕРПЕНТИНИТТІ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН МАГНИЙ ОКСИДІН АЛУҮРДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • А.П. Ауешов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • К.Т. Арынов Инновациялық зерттеулер және технология институты, Алматы қ., Қазақстан
  • Ч.З. Ескибаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • А.М. Ибраева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан
  • Э.М. Джолдасова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/WSWX7050

Тірек сөздер:

гидромагнезит, магнезиялық байланыстырғыш, рентгендік фазалық талдау, термография, магний оксиді, декарбонизация, магний хлориді

Аңдатпа

Магнезиялық байланыстырғыш өндіруге арналған шикізат ретінде гидромагнезит қолданылды. Шикізаттың құрамындағы негізгі заттың мөлшері 98,5-99,1%-ды құрайды, сондай-ақ өте аз мөлшерде қоспа металдар кездеседі (мас. %): Si – 0,26-0,31; Ca – 0,2-0,38; Mn – 0,18-0,36; Na – 0,16-0,42. Жалпы қоспалардың мөлшері 1-1,5%-дан аспайды. Гидромагнезиттің (магний дигидрокабонатының тетрагидраты) термиялық ыдырауының рентгендік фазалық және термографиялық зерттеу нәтижелері келтірілген. 550°C температурада гидромагнезитті қыздырып, 60-120 минут изотермиялық ұстау кезінде, 60 минуттан кейін масса жоғалту айтарлықтай өзгермейтіні анықталды. Орташа масса жоғалту 55,6%-ды құрайды, нәтижесінде алынған магний оксидінің массасы 44,4% болды. Гидромагнезиттің магний оксидіне дейін ыдырау дәрежесіне әсер ететін негізгі физика-химиялық факторлар ретінде күйдіру температурасы мен изотермиялық ұстау уақыты анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...