КІЛЕМ ТОҚЫМА ӨНДІРІСІНДЕ ӨРТКЕ ТӨЗІМДІ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ЖІПТЕРДІ ШЫҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

КІЛЕМ ТОҚЫМА ӨНДІРІСІНДЕ ӨРТКЕ ТӨЗІМДІ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ЖІПТЕРДІ ШЫҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Г.С. Кенжибаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • М.Т. Сихимбаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/AXXE6430

Тірек сөздер:

технология ковроткачества, модифицированная прядильная нить, антипереновые смеси, огнеупорные волокна

Аңдатпа

Бұл мақалада кілем тоқу өндірісінде қолданылатын полипропилен негізіндегі синтетикалық жіптердің технологиясы және олардың өртке төзімділігін арттыру жолдары зерттелді. Полипропилен талшықтарындағы физика-механикалық қасиеттерін атап айтқанда тозуға төзімділігі мен беріктігі және экономикалық тиімділігі жоғары болғанымен, олардың жанғыштығы негізгі кеміліктерінің бірі болып келеді. Соған байланысты талшық құрамын антиперендік қоспалармен модификациялау, технологиялық параметірлерін оңтайландыру қарастырылады. Зерттеу барасында полипропилен балқымасындағы көміртек, кремний диоксиді мен алюминий оксиді негізіндегі антиперендер енгізіліп, әр түрлі тығыздықтағы жіптер жасалады. Экструзия, созу, текстурлау мен термобекіту кезеңін жекелеп жіп сапасы анықталады. Жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде жіптің тығыздығы артқан сайын жану уақыты мен температурасының өзгеру заңдылықтары айқындалады. Зерттеу нәтижелері бойынша құрамында 92,7℅ полипропилен, 3℅ көміртек, 0,3℅ SıO2, 1℅ Al2O3 1℅ жұмсартқыш және 2℅ бояу бар №4 үлгі ең тиімді өртке төзімді материал ретінде анықталады. Ұсынылған технология бойынша кілем жіптерінің өртке төзімділігін арттырып, олардың пайдалану қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай ақ мұндағы ұсынылатын технологиялық құрамы мен өндірістік процестің тұрақтылығын қамтамасыз ету, дайын өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы алынған нәтижелер кілем өндірісінде қауіпсіз, ұзақ мерзімді және бәсекеге қабілетті өнімдер ретінде шығаруға негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Жеңіл өнеркәсіп технологиялары
Loading...