АПЕЛЬСИН ҚАБЫҒЫНДАҒЫ ФЛАВОНОИДТАР МЕН ПЕКТИНДЕР: ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ, ЭКСТРАКЦИЯ ӘДІСТЕРІ, БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

АПЕЛЬСИН ҚАБЫҒЫНДАҒЫ ФЛАВОНОИДТАР МЕН ПЕКТИНДЕР: ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ, ЭКСТРАКЦИЯ ӘДІСТЕРІ, БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Авторлар

  • Р.М. Кудайбергенова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
  • Р. Таубаева М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
  • К.С. Назаркасым М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • Н.Ү. Асылбек М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
  • А.Н. Сейтманбетова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.55956/SISS3039

Тірек сөздер:

апельсин қабығы, флавоноидтар, пектин, гесперидин, экстракция, биологиялық белсенділік, цитрус қалдықтары

Аңдатпа

Апельсин қабығы – цитрус жемістерін өнеркәсіптік өңдеу барысында көп мөлшерде түзілетін, флавоноидтар мен пектиндерге бай өсімдік текті қалдық. Осы шолу мақалада апельсин қабығының химиялық құрамы, негізгі флавоноидтары мен пектиндерінің құрылымдық ерекшеліктері, биологиялық белсенділігі, экстракция әдістері және практикалық қолданылу бағыттары ғылыми әдебиеттер негізінде талданды. Апельсин қабығында гесперидин, нарирутин, нобилетин және тангеретин сияқты флавоноидтар кездеседі. Бұл қосылыстар антиоксиданттық, қабынуға қарсы және микробқа қарсы қасиеттерімен сипатталады. Пектиннің функционалдық қасиеттері оның молекулалық массасына, метоксилдену дәрежесіне және тармақталған құрылымына тәуелді. Дәстүрлі қышқылдық экстракциямен қатар ультрадыбыстық, микротолқынды және ферменттік экстракция әдістерінің ерекшеліктері, артықшылықтары мен шектеулері салыстырылды. Апельсин қабығынан алынатын флавоноидтар мен пектиндерді функционалдық тағам өнімдерін, фармацевтикалық тасымалдаушы жүйелерді, биологиялық ыдырайтын қаптамаларды және сорбциялық материалдарды әзірлеуде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Талдау нәтижелері апельсин қабығын кешенді өңдеу цитрус қалдықтарының көлемін азайтып, жоғары қосылған құны бар өнімдер алуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Сонымен бірге биоактивті қосылыстардың биожетімділігін, қауіпсіздігін және өндірістік ауқымдағы экстракция тиімділігін қосымша зерттеу қажеттілігі анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Химиялық технологиялар
Loading...