ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІНДЕ АНТИМИКРОБТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ БАР ТАБИҒИ БОЯҒЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55956/VFFC7979Тірек сөздер:
өсімдік экстрактілері, антибактериялық өңдеу, табиғи бояғыштар, табиғи талшықтар, экологиялық қауіпсіздікАңдатпа
Осы мақалада табиғи талшықтарды антимикробтық өңдеу және бояу үшін өсімдік экстрактілерін көпфункционалды агенттер ретінде қолданудың заманауи үрдістеріне талдау жүргізілді. Синтетикалық биоцидтер мен төртіншілік аммоний қосылыстарының қоршаған ортаға және адам денсаулығына теріс әсері анықталып, «жасыл» технологияларға көшу қажеттілігі негізделді. Патогенді микрофлораны тежеуге жауапты флавоноидтар мен таниндерге бай дәрілік өсімдіктердің фитохимиялық әлеуеті сарапталды. Биологиялық белсенді қосылыстарды экстракциялаудың оңтайлы параметрлері және олардың тоқыма субстраттарымен өзара әрекеттесу механизмдері айқындалды. Табиғи бояғыштарды қолдану екіжақты әсер беретіні анықталды: эстетикалық бояу және грамоң әрі грамтеріс бактерияларға қарсы ұзақ мерзімді қорғаныс. Аяқ киім мен киім элементтерінің гигиеналық қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүн және мақта материалдарын функционалдандырудың маңыздылығы негізделді. Тоқыма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін табиғи текті шикізатты өңдеуде өсімдік экстрактілерін қолданудың артықшылықтары айқындалып, перспективалық бағыттары тұжырымдалды. Алынған нәтижелер негізінде табиғи талшықтар мен материалдарды өсімдік экстрактілерімен өңдеудің тиімділігін, антимикробтық және бояғыштық қасиеттерін тереңірек зерттеу қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

